Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының қызметтерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы мәселе алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында қаралды.
Облыстық мәслихаттың шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық және құқықтық тәртіп саласындағы 2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу бағытындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының қызметтерін бағалау өлшемдері бекітілді.
Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық және құқықтық тәртіп саласындағы 2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторлары
- Қоғамдық орындарға жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017жылы – 29; 2018 – 28; 2019 – 27; 2020 – 25 (% артық емес)
- Көшедегі және халық көп шоғарланатын орындардағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 жылы – 17,5; 2018 – 16,5; 2019 – 15,5; 2020 – 14 (% артық емес)
- 100 зардап шеккенге шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың үлес салмағы
2017 жылы – 11,9; 2018 – 11,6; 2019 – 11,3; 2020 – 10,9 (% артық емес)
- Жасөспірімдермен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 29; 2018 – 28; 2019 – 27; 2020 – 25 (% артық емес)
- Жасөспірімдерге қатысты жасалған күштеу қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 0,22; 2018 – 0,20; 2019 – 0,18; 2020 – 0,15 (% артық емес)
- Бұрын сотталғандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарының (рецидивтік қылмыстар) үлес салмағы
2017 – 4; 2018 – 3,7; 2019 – 3,4; 2020 – 3 (% артық емес)
- Бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 4; 2018 – 3,7; 2019 – 3,4; 2020 – 3 (% артық емес)
- Мал ұрлығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 3,6; 2018 – 3; 2019 – 2,5; 2020 – 2 (% артық емес)
- Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 0,05; 2018 – 0,04; 2019 – 0,03; 2020 – 0,02 (% артық емес)
- Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы
2017 – 1,6 (артық емес); 2018 – 1,3 (кем емес); 2019 – 1 (кем емес); 2020 – 0,6 (кем емес)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның үлес салмағы (%)
2017 – 3; 2018 – 5; 2019 – 10; 2020 – 20 (жалпы тіркелген қылмыстардағы қатысушылардың хабарларының үлесі)
Облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Қ.Айтөреев