Жер телімдерін бөлгенде әкімшіліктер оқ-дәрілер сақтау қоймаларына жақындығын ескеруілері керек, деп мәлім етті ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.
«Менде жергілікті деңгейдегі облыс әкімдеріне өтінішім бар – олар құрылыс салуға деп бөлетін жерлердің оқ-дәрі сақталатын қоймаларға жақындығын ескерулері керек», — деді С. Жасұзақов сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұл ретте ол оқ-дәрілер «көп уақыттан бері» сақтаулы екендігін атап өтті.
«Біздегі оқ-дәрілер көп уақыттан бері сақтаулы, сондықтан қандай да диверсиялық әрекеттер кезінде жақын маңдағы халыққа, нысандарға зияны тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан мен жергілікті әкімшіліктерден – аудандық және облыстық әкімшіліктерден жер телімдерін бөлгенде осындай жағдайды ескерулерін сұраймын», — деді министр.
С. Жасузақов диверсиға қарсы қауіпсіздік заңнамасымен нысандардың маңайында, «әсіресе оқ-дәрілер сақталатын» нысандардың маңында тиым салынған аймақтар барлығын еске салды.
ҚазТАГ.
Фото:almadk.kz