Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында бірқатар мәселелермен қоса, облыстық комиссиялардың жұмыстары қаралып, комиссиялардың құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Облыстық мәслихаттың шешімімен облыс әкімінің орынбасары Садыр Ербол төмендегі штаб, кеңес және комиссияның төрағасы болып бекітілді.
Атап айтқанда:
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штаб;
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңес;
- Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия.
Дереккөз: «Айғақ»-ақпарат
Фото: ontustik.gov.kz