ОҚО Білім басқармасына қарасты №9 колледждің директоры болып Болат Жанәбіл тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып қызмет жасаған ол 1982 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Болат Серікұлы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыру-тәрбиелеу және әдістемелік жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің өңірлік жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып абыроймен еңбек етті.