Бірлескен сауда-өнекәсіптік палата құру туралы құжатқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов және Түркияның сауда палаталары мен тауарлық биржа одағының президенті Рифат Хисарджыоглу қол қойды.
Оған дүйсенбі күні түркі іскерлік кеңестің бесінші кездесуінде қол қойылды.
Бұл ретте Әзербайжанның кәсіпкерлер ұйымының ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мусаев осындай келісімге басқа елдер де қосылғысы келер еді деп атап өтті.
«ТОВВ (Түркияның сауда палаталары мен тауарлық биржа одағы — ҚазТАГ) басшылығы мен қазақ серіктестерді бірлескен палата құруымен құттықтағым келіп отыр. Ресейде лезгиндер тұратынын айтқым келеді. Екінші дүниежүзілк соғыс 1945 жылы аяқталды. Лезгиндер Сталинмен кездесіп оған «Біз сізге өкпеліміз. Сіз Гитлерге қарсы соғыс жүргізіп жатыпсыз, ал бізге атпапсыз» депті. Сіздер палата құрып жатырсыздар, ал бізге айтпадыңыздар. Сондықтан біз сіздерге «өкпеліміз». Құттықтаймын. Біз де осы бірлестікке қосылуға дайынбыз», — деді М. Мусаев.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ.