Ғұмырының 40 жылын сот саласында еңбек етуге арнап, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған Айтжан Бекназаров 95 жаста. Жалынды жауынгер, ардақты судья, ұлағатты ұстазбен бірге қызмет істеген әріптес замандастары мен шәкірттері бас қосқан мерекелік шара өтті. Облыстық соттың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жиында қос ғасырдың куәгеріне ақжарма тілектер айтылып, құрмет көрсетілді.
Еңлік Заманхан
Фото: Ә.Ассанди