Аудан әкімі Н.Тұрашбековтің өкімімен Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Асхат Жабағы Базарбайұлы тағайындалды. Асхат Базарбайұлы білімі жоғары. Отбасылы. 1979 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы Түлкібас ауданының жер инспекциясында жетекші маман болып бастап, 2007 жылға дейін осы мекемеде бас маман болып еңбек еткен. 2007-2013 жылдары Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі