Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті 2017 жылы 29-наурыз күні өткен отырысында ОҚО жергілікті полиция қызметі бастығының лауазымына үміткер–Сейдуәлиев Абдіғани Тойшыұлының кандидатурасы қаралды.
Үміткер А.Сейдуалиев 07.04 1973 күні Қазығұрт ауданында туылған. 1995 жылы Қазақ химия-технология институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдап, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Ал, еңбек жолын 1995 жылдың 20 қазан айынан бастап, Төлеби ауданы ішкі істер басқармасында қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік инспекторы болып бастаған. 1999 жылы Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының «Азат» поселкалық бөлімшесінің бастығы болып қызметке ауысқан.Ұзақ жылдар бойы Шымкент қаласындағы ішкі істер басқармасымен ішкі істер департаментінде қоғамдық қауіпсіздік басқармасында бөлім бастығы, батольон және полк командирі болып еңбек еткен. Сонымен қатар, 2017 жылдың ақпан айынан бастап ішкі істер департаментінде әкімшілік полиция басқарма бастығының қызметін атқаруда. 2012 жылы кезектен тыс аттестациядан өткен. Тұрақты комиссияның отырысында А.Сейдуалиевтың кандидатурасы қолдау тауып, сессия қарауына ұсынылды.