«Жалпы, ИИДМБ мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізудің жоғары деңгейі байқалды. Мәселен, 4 мақсатты индикатор мен 10 көрсеткіш бойынша нәтиже 84,6% құрайды», — деп баяндады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 4,2 п.п. артты (жоспарда — 86%, іс жүзінде – 90,2%). Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің нақты өсімі 30,4 п.п. құрады (жоспарда — 101,3%, іс жүзінде – 131,7%). Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 84,1 млрд теңгені немесе 1,1% құрады (жоспарда – 750 млрд теңге, іс жүзінде – 834,1 млрд теңге).
2016 жылдың қорытындысы бойынша ИИДМБ Шаралар жоспарының орындалу дәрежесі 97,6% құрады. Оның ішінде, 2016 жылға жоспарланған Шаралар жоспарының 42 пунктінің 34 шарасы орындалды, 7-уі жартылай орындалды, деп атап өтті министр.
Облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың қорытындыларына сәйкес 9,9 мың тұрақты жұмыс орындарын құрумен 343 млрд теңге сомасына Кәсіпкерлікті қолдау картасының 130 жобасы іске қосылды. 2016 жылы пайдалануға берілген жобаларда өндірілген өнім көлемі 52,6 млрд теңгені немесе өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен 0,7% құрады.
2016 жылы ЖІӨ өсімі жағдайында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 508 млрд теңгені немесе 0,1 п.п. құрады.
Салынған инвестициялар көлеміне сәйкес, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан аса ірі жобалар қатарында «Алтай полиметаллдары» ЖШС (63,1 млрд теңге сомасына «Көктасжал» кен орны базасында тау-кен байыту кешенін салу және пайдалануға беру); 37,5 млрд теңге сомасына солтүстік бағыттағы Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту бойынша «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС; 31,9 млрд теңге сомасына Қарағанды ЖЭО-3 үшінші кезекте кеңейту бойынша «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС; 11,9 млрд теңге сомасына Қазақстан Республикасында теміржол арқалықтарын өндіру және дөңгелек жұптарын құру бойынша «R.W.S. Wheelset» ЖШС және т.б. бар.
Жалпы, 2016 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындыларын оң деп бағалауға мүмкіндік бар деп санаймыз, деп түйіндеді өз сөзін Т. Сүлейменов.
primeminister.kz