Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж. Түймебаевтың ұсынысына сәйкес, Созақ жерінде Наурыз мерекесін тойлап, ауданның тыныс- тіршілігімен танысуға масқатында, Сарыағаш, Мақтарал аудандарынан делегация келді.
Аудан әкімі М. Исаев делегаттарды қабылдап, өңірдік тыныс- тіршілігі, әлеметтік- экономикалық дамуы туралы айтып өтті. -«Кезінде агарарлы аудан болған Созақ ауданында бүгінде, уран өндірісі қарқынды дамыған. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып жатырмыз. Асыл тұқымды мал санын арттыру және суармалы жер көлемін арттыру бағыныдағы жұмыстар кезек күттірмейтін мәселе. Шолаққорған ауылының жоғарғы жағынан сыйымдылығы 2 млрд. текше метір «Біресек» су қоймасын салдық. Келер жылы шаруаларға беруді көздеп отырмыз. Біріккен Араб Әмірліктеріне 1286 майда мал, 150 мүйізді ірі қараны экспортқа шығардық. Сіздердің тараптарыңыздан ауыл шаруашылығымен, егіс егумен айналысамын деген азаматтар болса, қуана қарсы аламыз» — деді аудан басшысы. Мақтарал ауданы әкімдігі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П. Есенбек Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ауданға шақырған аудан әкімдігіне алғысын айтып, аудан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.
Орталық алаңда болған концерттік бағдарламағаны тамашалаған делегация мүшелері, Наурыз мерекесін аудан халқымен бірге тойлады. Қонақтарға, қонақасы беріліп, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цехының жұмысымен танысып, Ардагерлер үйінде болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.