Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі — тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын», — делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған өкім мәтінінде.
Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
ҚазТАГ