Сарыағаш ауданы бойынша жалпы 66 елді мекен табиғи газбен қамтылған. 2015-2016 жылдары Ақтөбе ауылдық округіне қарасты 8 ауылға газ өткізгішінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өткен жылдың қараша айында іске қосылды. Осы ретте, облыс әкімі Сарыағаш ауданына жасаған сапар барысында Ақтөбе ауылдық округінде көгілдір отынның рахатын көре бастаған тұрғындарды Шығыс халықтарының мерекесі, 22-наурыз күнімен құттықтап, газ өткізгішінің құрылысымен танысты. Айта кетейік, табиғи газ өткізгіштің құрылыс-монтаж жұмыстары облыстық бюджет есебінен 991 млн 372 мың теңге қаралған.
Аяжан Дәулетбай