Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталар Наурыз мерекесінің қарсаңында оңтүстіктің қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылуда. Бейнелеу өнері музейінде бастау алған таныстырылым, 21 наурыз күні Түркістан қаласында көшпелі көрмемен жалғасады. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеуді мақсат тұтқан шара барысында 20 дан астам қолөнер шеберінің жұмыстары қойылған. Айта кетейік, бұл шараға мәдениет саласының мамандары мен оқу орындарының ұстаздары, оқушылар қауым атсалысып отыр. Қолөнерді үйреніп, құндылықтардың маңыздылығын арттыру қашан да игілікті іс.
Салтанат Тойболова