2017 жылдың 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге отандық және халықаралық журналистер қатысты.
Атап айтқанда, «Хабар», «Мир», «Қазақстан» телеарналарының, «Айқын» газеті, «Esquire» журналының және «ҚазАқпарат» агенттігінің редакторлары мен журналистері бар.
Ұлт Көшбасшысы қоғамымызда болып жатқан мәселелерге тоқталып, төртінші билік өкілдеріне көрермендер мен оқырмандарды толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кездесуде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаудың негізгі мақсаттарын, әсіресе халықтың өмір сүру жасын жоғарылату, ел экономикасының тиімділігін арттыру, қазіргі саяси жаңғыру кезеңдерінің ерекшеліктері, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары, сондай-ақ басқа да маңызды жайттар талқыланды.
Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрағына да жауап берді. «Жақсы бір сөз бар: жаңа сайлаудан кейін және үйленуден керегіңді ала алмайсың. Неге адамдар сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейін сайланады, ол мерзімін толығымен атқарады», — деді Елбасы кездесу барысында.
«Айғақ-Ақпарат»