Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп мәлім етті министр Жеңіс Қасымбек.
«Бүгін біздің ұжымға инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевты таныстырды», — деп жазды Ж. Қасымбек өзінің Facebook парақшасында.
Ол бұл орында ҚР парламентінің мәжіліс депутаты болып сайланған Альберта Рауды алмастырды.
А.Айдарбаев 2013 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған.
Фото: bnews.kz