Қарағанды облысының әкімі болып Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдің жаңа әкімін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәслихат сессиясында таныстырды. Ол бұл қызметте 2014 жылы 20 маусымда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына келді.
Ерлан Қошанов 1962 жылы 14 тамызда дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984) инженер механик мамандығын тәмәмдаған, Кейінірек КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы бойынша — экономист. ҚЛКЖО Жезғазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995), Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007) қызметінде болған. 2012 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметінде қызмет атқарып келді. Үйленген, екі қызы бар. «Парасат» (2013) және «Құрмет» (2007) ордендерімен марапатталған.
Өмірбаян
Қошанов Ерлан Жақанұлы 1962 жылы Жезқазған облысындағы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған.
Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984), КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы бойынша — инженер механик және экономист.
Еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесарі, шебері (1986-1988) болып бастады. ҚЛКЖО Жезғазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995), Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі (2007 жылдан бастап) болды.
Сондай-ақ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2004 жж. бастап), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2005 жылдан). ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1995-1999) болып сайланды. Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша кандидат (07.12.2011) болды. «Нұр Отан» халықтық-демокартиялық партиясының мүшесі.
Дереккөз: Tengrinews.kz, Alashainasy.kz