8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Міне, осындай әдемі жыл мезгіліндегі кереметтей мереке – Халықаралық әйелдер күнін Отырар ауданының әкімдігі де биыл кең көлемде атап өтті. Яғни бұл күнгі шара аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен басталды. Айтулы шараға түрлі салада еңбек етіп ауданның дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектер, ару аналар ақ жаулықты әжелер қатысып, ұсынылған мерекелік бағдарламаны тамашалады. Ал, өз кезегінде аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша нәзік жандыларды шуақты көктем мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Абай Омар