Республикада мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі саралануда. Осыған орай, өңірде жалпы саны «Б» корпусында 8700-дей мемлекеттік қызметкер бар болса, олардың 6700 аталған аттестацияға қатысады деп белгіленген. Бүгінде 4000 білікті кадр аталмыш сынақтан өтіпті. Ақпанның бірінен бастау алған «Б» корпусының қызметкерлерін сынақтан өткізу үш деңгейде жүргізіледі. Алғашқы деңгей –бағалаудан басшылық буындағы қызметшілер өтсе, тестілеудің екінші, үшінші кезеңдері орта және төменгі буындағыларды қамтиды. Айта кетейік, тестілеуде заңға байланысты сұрақ болмайды. Арнайы әзірленген 220 — сауалмен қызметшінің өзіне тән құзіреттілігінен бөлек, шынайы жауабында анықтауға болады. Осы ретте, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы да ақпан айында 3 кезеңнен тұратын бақылаудан сүрінбей өтіп отыр. Басқарманың 14 қызметкерінің басым бөлігі өте жақсы деген көрсеткішті көрсетіп өз біліктілігін дәлелдеді. Жалпы атестаттаудың мақсаты, «Б» корпусы қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Аяжан Дәулетбай