Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясына өзгерітулерге қол қойды, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ресубликасының Заңына қол қойды», — делінген Ақорданың жұма күнгі Twitter-дегі хабарында.
Еске салсақ, 2016 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі Күні мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында мемлекет басшысы Қазақстанда президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жеткенін мәлімдеген болатын.
Осы жылдың 11 қаңтарында президент мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды. Жұмыс тобын ҚР президенті әкімшілігінің басшысы басқарды.
Жақында, 25 қаңтарда Н.Назарбаев мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу мәселесі бойынша конституциялық реформа жобасын жалпы халықтық талқылауға шығарды.
Жалпы халықтық талқылау 26 қаңтар мен 26 ақпанға дейін өтті.
Кейін, 6 наурызда, парламент «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдап, ебласына қол қоюға жіберді.
Заң жобасы Қонституцияның 19 бабына 26 түзетулерді қарастырады.
Өзгерістердің негізгі мәні – билік тармақтарының арасындағы бірқатар өкілеттікті президенттен үкімет пен парламентке беруде. Негізгі түзетулер арасында: парламент үкімет жұмысына бақылау жүргізуде қосымша өкілеттік алады; үкімет қолданыстағы Конституцияда қарастырылғандай, президент алдында емес, жаңа сайланған парламент алында өз өкілеттігін тапсырады; президент заңдық күші бар жарлықтар қабылдаудан бас тартады.
Одан басқа, бірінші оқылым барысында парламентарийлер 7 түзету енгізді: Ата заңның 91 бабында республикадағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаларының мызғымастығын бекіту; Конституцияда тұңғыш президент Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі рөлін көрсету; ішкі істер министрі мен қорғаныс және сыртқы істер министрлерін өз бетінше тағайындауды мемлекет басшысының құқығында қалдыру; президентке үміткерлерге қойылатын талаптар тізіміне үміткерде жоғарғы білімі болу керектігі талабын қосыу; Ата заңның 10 бабына террористік қылмыстары үшін сот шешімімен Қазақстан азаматтығынан айыру мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізу; ҚР-да адам құқықтары жөніндегі өкілеттіні сенатпен сайлау; республика аумағында халықаралық келісімдердің күшінде болу тәртібін ұлттық заңнамамен айқындау бар.
ҚазТАГ.
Фото: sputniknews.kz