ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Жаңа технологиялар колледжінде «Достық» клубының ашылуы өтті. Айтулы іс-шараға Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары мен студент жастар қатысты. Оқу ордасынан құрылып отырған «Достық» клубының мақсаты жастардың этникалық мәдениетіне және діни ұстанымдарына қарамай, өзара сыйластық сезімін қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту негізінде құрылған. Осы шара аясында жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдар мен жастар арасында бірыңғай дискуссиялық алаң құру жұмыстары атқарылмақ. Осыған орай оқу ордасындағы жаңа ұйымның ашылу салтанатында этномәдени бірлестік өкілдері құттықтау сөз сөйлесе, өнерлі жастар концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Абай Омар