2017 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,8 пайыз болды, деп хабарладыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
Айтуларынша, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) 2,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына – 1,3 пайыз, ақылы қызметтерге – 1,2 пайызға өскен.
Осы жылдың басынан (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 15 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге – 13,9 пайыз, сиыр етіне – 5,3 пайыз, сары майға – 4,3 пайыз, қой етіне – 4,2 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге – 3,3 пайыз, жылқы етіне – 2,7 пайыз, мәйекті ірімшікке – 2,2 пайызға, косервіленген сүтке, нанға – 2,1 пайыздан белгіленді.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,7 пайыз, қантқа – 3,2 пайыз, қарақұмық жармасына – 1 пайызға тіркелді. Ал автомобильдерге баға өсімі 2,2 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2 пайызға, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,4 пайыздан, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 1,3 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға – 1,2 пайыздан, тұрмыстық аспаптарға – 1 пайызды құрады.
Бензин 4,3 пайыз, баллондағы сұйытылған газ – 4,2 пайызға қымбаттады.
“Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7 пайыз, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8 пайыз, денсаулық сақтау – 2,3 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,4 пайызға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 2,7 пайызға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен – 9,1 пайыз, темір жол көлігімен – 0,3 пайызға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2 пайыз, орталықтан жылытуға -2,4 пайызға, электр энергиясына, ыстық суға – 2,3 пайыздан, суық суға -2,2 пайызға жоғарылады”, – делінген ведомство хабарында.
Ақпарат көзі: Naryk.kz