Қазақстанда мемлекет басшысында мораторий жариялау құқығы қалады, деп мәлім етті ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков.
«Президенттің ондай құқығы (моратории енгізу- ҚазТАГ) сақталады», — деді жұма күні «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымын талқылау барысында парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков,
Ол еске салғандай, Конституцияның 45-бабы 1-тармағына сәйкес Республика Президенті Конституция мен Заңдар негізінде елдің бүкіл аумағында міндетті күші бар Жарлықтар мен Өкімдер шығарады.
«Сіз атап өткен мораторий осындай Жарлықтармен бекітіледі. Бұл құқық Президентте сақталады», — деп атап өтті әкімшілік басшысы.
Отырыс барысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Президенттің моратории енгізу құқығы қала ма деп сауал тастаған еді.
«Қолданыстағы Конституция Президентке заңдық күші бар Заңдар немесе Жарлықтар шығару құқығын берді. Түзетулер жобасында Конституцияның 45-бабы 2-тармағынан бұл құқықты жою ұсынылады. Дегенмен тәуелсіздік жылдарында Президент үш мәрте мораторий жариялап, дағдарыс кезеңінде ол кәсіпкерлікке айтарлықтай қолдау болды. Тіпті олардың кейбірін құлдыраудан құтқарып қалды. Бүгінде бизнестің осы мәселеге байланысты қаупі бар», — деп түсіндірді депутат.
ҚазТАГ.