«Айғақ» қоғамдық телеарнасының тарапынан Түркістан қаласындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орын алған мәселеге байланысты журналистік зерттеу жүргізілген болатын. Зерттеу барысында орын алған заңшылықтарды болдырмау және жою үшін ОҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (бұдан әрі – Департамент) хат жолданды.
Департамент «Айғақ» телеарнасының хатына төмендегіндей жауап берген.
Атап айтқанда «Департамент Түркістандағы психикалық-неврологиялық орталығының қызметіне жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеріп қарау кезінде Халықтың санитарлық-эпидемилогоялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмағандығы анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша 3 лауазымды тұлға және 2 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша қаулы шығарылып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР Заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 2 ұйғарым берілді».
Қазіргі таңда аталған психикалық-неврологиялық орталығында заңда көрсетілген нормалар аясында тиісті эпидемияға қарсы іс-шаралары жалғасуда.