Кеше Созақ ауданында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы 10 отбасыға тұрғын үй кілті табыс етілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңбері аясында «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен 10 отбасыға тұрғын үй сатып алып берілді. Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында тұрғын үй кілтін тапсыру рәсімі өтіп, оған аудан әкімі М. Исаев, «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС бас директорның орынбасары Н. Мұхаммедқалиұлы қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы:
— Бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын, сіздерге 2016 жылдың соңында уаде еткендей тұрғын үймен қамтамасыз етіп отырмыз. Жаңа қоныстарыңда тек қуаныш болсын, — деді. Сондай-ақ, «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС бас директорның орынбасары Н. Мұхаммедқалиұлы: — Біз аудан әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеп келеміз. Соның нәтижесінде түрлі әлеуметтік салаларға қолдау білдіріп, демеушілік жасаймыз. Аудан басшысы М. Исаев жағдайы төмен отбасыларға үй алып беру туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде бүгін 10 отбасы үймен қамтамасыз етіліп отыр -деді.
Тұрғын үйге ие болған көп балалы ана Күлжамал Асқарова шексіз қуанышты екенін айтып, аудан басшылығына, «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС ұжымына алғысын білдірді.
Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі.