1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Созақ ауданында, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Бәрі рахмет үшін» акциясы өтті.
Акция барысында аудан әкімі М. Исаев барша жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен 20 жанұяға 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. Акция аясында аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға тегін 700 киім таратылып берілді.
Көп балалы ана Қалмырзаева Жеңіскүл: «Осындай игі істі ұйымдастырып отырған аудан басшылығына рахмет. Балаларымызға қажетті киімдерді алдық. Бұл акция жылда жалғасады деген үміттемін. Бәрі үшін рахмет», — деді.
Акцияға аудандық мекемелер мен кәсіпкерлер белсене қатысқанын атап өту керек. Мұндай игі шара Созақ ауданында былтырдан бері жалғасып келеді.
Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі