ОҚО Ішкі саясат басқармасы және Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиалы бірлесіп «Кәсіпкерден 10 кеңес» атты бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау ұйымдастырып отыр. Мақсат Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуын ақпараттық қолдау болып табылады. Яғни шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға, еңбек адамын насихаттауға, үлес қосып өңірдің кәсіпкерлік саласы бойынша баспасөздерде материялдар жариялау және телеарналардан сюжеттер көрсету арқылы облыстың имиджін көтеріп жүрген журналистердің үздік жұмыстарын анықтау және оларды ынталандыруға бағытталған. Аталмыш байқауға өңірлік баспасөз, телерадио және электрондық БАҚ-ның кәсіби журналистері, өзге де шығармашылық ұжымдардың журналистері қатыса алады. Байқау шарты бойынша 1 наурыз бен 10 маусым аралығында жарияланған немесе осы аралықта эфирге шыққан материялдар қабылданады. Ал жүлделі орындарға қаржылай сый-сияпаттар қарастырылған. Бұл туралы арнайы баспасөз жиынында айтылды.
Абай Омар