Еліміз былтыр алғашқы рет Алғыс айту күнін атап өткен болатын. 2016 жылдың 14-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1995 жылы 1-наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған сәйкес, былтырдан бері Алғыс айту күні мерекеленуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі
Хасан БАЦИЕВ:
«Қазақстан халқына мың алғыс»
Қазақ елінің тарихында әртүрлі тарихи жағдайлар орын алды. Соның бірі қазақ еліне, қазақ жеріне этностардың жер аударылуы. 1944 жылы депортацияға ұшыраған шешен, ингуш, вайнах халықтарының өкілі біз боламыз. Әрине, өзінен 10 жыл бұрын репрессия, аштық, Голощекин саясатына байланысты қиын жағдайлар болды, одан кейін Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез. Тапқанның бәрі майданға деген мәселе, сол уақытта 1944 жылы біздің әкелеріміз, бабаларымыз қазақ еліне жер аударылды. Қазақ халқы қанша азап көрсе де, өзгенің азабын өзінен артық көріп, имандылық танытып, бауырына басты. Соның арқасында көп отбасы аман қалып, өз ұрпақтарын жалғастырып жатыр. Дипортациядан депутаттыққа дейін көтеріліп жатқаны елімізде жүріп жатқан Елбасының көреген саясаты деп білеміз. Барлық Оңтүстік өңірінде тұрып жатқан жерлестерімізге Қазақстан халқын «Қазақстан Ассамблеясының» мүшесі ретінде шын жүректен Алғыс күнімен құттықтаймын. Алғыс күні барлықтарыңызға бақыт алып келсін, Елімізде тыныштық болып, халықтардың біргілі арта берсін!
Фото:orleu-uko.kz