Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарында 66 бірінші басшы лауазымы бар. Оның ішінде, 8 — саяси мемлекеттік қызметшілер (облыс әкімі, оның орынбасары, аппарат басшысы және қала әкімі), 19 — аудан және қала әкімдері, 23 — басқарма басшылары және 16 — облыстық, аудандық және қалалық мәслихат хатшылары. Алайда, осы 66-басшылық орында қазіргі таңда 1-ақ әйел адам қызмет жасап жатыр. Ол – ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралқызы Темірбаева.
2015 жылы мемлекеттік органның 1-ші басшы болып 5 әйел жұмыс істесе, 2016 жылы 3 әйел, ал 2017 жылы 1-әйел қызмет жасап жүр. Елімізде басшы мемлекеттік қызметте әйелдердің саны артса, облысымызда керісінше басшы әйелдердің саны төмендеуде.
Толығырақ, 2015 жылы Альбина Елшиева – ОҚО Білім басқармасының басшысы болған, ал Күлия Айдарбекова – ОҚО Мәдениет басқармасының басшысы болса, Әсия Темірбаева – ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын, ОҚО Тілдерді дамыту басқармасын Балқия Көмекбаева, ОҚО Қаржы басқармасын Роза Исаева басқарды.
Ал, 2016 жылы Альбина Елшиева – ОҚО Білім басқармасының басшысы болған, ал Күлия Айдарбекова – ОҚО Мәдениет басқармасының басшысы болса, Әсия Темірбаева – ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып, жалғастыруда.
Осы мәселе бойынша, Tengrinews.kz сайтында төмендегі мәліметтер жарияланды.
Бұл туралы МҚСЖА Мемлекеттік қызмет департаменті мониторинг және талдау бюасқармасының басшысы Нұргүл Жанназарова айтты. Оның айтуынша, гендерлік саясат жүзеге асырылып жатыр, яғни, мемлекеттік қызметтегі әйелдер санының артуы байқалып жатыр. «Соңғы үш жылда мемлекеттік қызметтегі әйелдер санының 54 пайыздан 56 пайызға дейін көбейгені байқалады. Салыстыратын болсақ, 2014 жылы саясаткер әйелдердің саны 34 болса, 2015 жылы — 39, 2016 жылы — 43», — деді Нұргүл Жанназарова.
Қазіргі уақытта 51 151 әйел мемлекеттік қызметте жүр. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің 55,5 пайызын құрайды. Осылайша былтырмен салыстырғанда мемқызметтегі әйелдердің саны 0,5 пайызға артқан. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің нәтижесінде алты мыңға жуық қызметкердің қызмет бабымен жоғарылағаны айтылады. Нұргүл Жанназарованың айтуынша, бұл реформа мемлекеттік қызметке тұру мүмкіндігін жоғарылатады. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет департаменті мониторинг және талдау бюасқармасының басшысы мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткендердің саны 1,8 есеге азайғанын айтып өтті.