Бұл мәселені Әсия Темірбаеваның назарына ұсынып, Әліпбек Өсербаевтың шұғыл әрекет етуін сұраймыз. Бұған дейін даудың ортасында қалған Түркістандағы психикалық-неврологиялық орталық бұл жолы жаға ұстатар оқиғасымен жұртты дүрліктірді. Аталған мекемеде емделушілер арасында 61 адам құрт ауруына шалдығып, кеселден үш науқас көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мен облыс әкімінің орынбасары арнайы мәлімдеме жасап, комиссиялық топ құрылғандығын айтты. Осы мәceлеге байланысты «Айғақ» телеарнасының тілшілері Түркістанға барып, тағы бір сорақы жайтке куә болды.
Бағлан Байкөбекқызы