Дариға Назарбаева Ұлттық экономика министрлігінен еліміздегі қымбатшылықты дереу тоқтатуды талап етті деп хабарлайды КТК арнасы.
Депутат, әсіресе, тұрғындар жиі тұтынатын азық-түлік пен дәрі-дәрмектің құнына қатаң қадағалау орнату керек деп отыр.
Яғни, елімізде өндірілген тауардың бағасы бірнеше есеге арзан болуы керек дейді депутат. Сондықтан, Назарбаева Ұлттық экономика министрлігіне азық-түлік құнын бақылап, арадағы делдалдарға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бағаны қолдан көтергендер жазалануы тиіс.
Сондай-ақ, сенатор экспорттың да көлемі бір орында тұрғанын айтып сынады. Қазақстанның сыртқа сататын тауар тізімі көбеймеген. Ал экспортты ұлғайту — еліміздің басты экономикалық жоспарларының бірі болатын.
Ақпарат көзі: nur.kz