Жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мен базалық зейнетақы мөлшері 16 пайызға көтеріледі.
Бұл туралы Астанада өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.
«Жыл сайын біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 600 миллиард теңге түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл ретте жалдамалы жұмысшалардың үлесі жоғары. Ендігі кезекте біз 10 наурызға дейін республика көлемінде жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, тұрғындардың жұмыспен қамту жайын тағы да пысықтауымыз қажет», — дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Nur.kz