Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов «Таң Нұры” көшесіндегі құлаған тұрғын үйдің жағдайымен танысып қайтты. Мамандар тексеру барысында үйдің іргетасы әлсіз, қабырғасы қам қыштан соғылғанын анықтады. Олардың айтуынша, құрылысы теxникалық талаптарға сай келмегендіктен үйдің құлауына қыс маусымында толассыз жауған жауын-шашын себеп болған.
Қала әкімі оқиға орнында үй иелерімен кездесіп, оларды демеушілер тарапынан бір жылға жалдамалы пәтерге орналастыратынын мәлімдеді.
Ғ.Әбдіраxымов мұндай жағдайдың қайталанбауын қадағалау мақсатында қалалық «Шаңырақ» бағдарламасын құруды ұсынды. Бағдарлама аясында ескі, сапасыз соғылған апатты үйлер анықталып, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Дереккөз: pressa.shymkent