Бүгін «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы болып өтті.
Конференцияны партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев ашып, жүргізіп отырды. Конференцияның күн тәртібіне екі мәселе қойылды.
Жиында бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуінен туындайтын міндеттер туралы облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев баяндама жасады.
Тақырыпқа сай жарыссөзге шыққандар Жолдаудың мән-маңызына тоқталып, Елбасы Жолдауын қолдап, қуаттайтындарын жеткізді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясынан Оңтүстік Қазақстан облыстық №11, №25, №31 сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына үміткерлерді таныстырды.
Отырар ауданының әкімдігі