Бүгін ОҚО-ның Түлкібас ауданында Жамбыл облысындағы қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметкер Әмір Аралбаевты жер қойнына тапсырды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Дауан ауылындағы марқұмның жерлеу рәсіміне оның ауылдастары мен полковник, «Оңтүстік» инженерлік қызметінің басшысы Мұрат Жүсіпов келген.
«Бұл біздің кінə емес, бұл жазым. Егерьлер шекараны күзетеді. Олар əскери міндетін қай жерде өтейтінін түсіне отырып, барған. Бұл əскери бөлімшелер ұдайы əскери дайындық үстінде болады. Сондықтан осындай жағдайда қаза тапты. Өңірлік қолбасшы мен Қорғаныс министрлігі атынан қайғырып көңіл айтамын», — деді сөз алған Мұрат Жүсіпов.
Әмір отбасындағы 10 баланың ең кішісі болған. Сержанттың артында екі кішкентай баласы мен 23 жастағы әйелі қалды.
Еске сала кетейік, 17 ақпан күні Жамбыл облысы «Көксай» шатқалында 91678 әскери бөлімшесінің 23 әскери қызметкері қар көшкінінің астында қалған. Арнайы шаралар жүргізу нәтижесінде 16 адам құтқарылып, 7 адам қаза тапты.
Ақпарат көзі: Nur.kz