Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ІІБ-ның полицейлері үш күн көлемінде жүргізіген жедел іс-шарасы барысында үш бірдей қылмыстық топты құрықтады. Олар облыс орталығында ұрлық әрекетімен айналысқан. Нақтырақ айтсақ, 6- ақпан күні полиция бөлімшесіне екі жас қыз шағымдарын білдіріп келген. Айтуларынша, пәтерлеріне белгісіз тұлғалар зорлық-зомбылықпен кіріп, жеке мүліктерін қолды еткен. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті, 1997 және 1998- жылы туылған жергілікті азаматтар қолға түседі. Тергеу нәтижесінде олардың 3-бірдей ұрлық әрекетіне қатысы бар екендігі анықталған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-ның 191 бабы бойынша «ұрлық» қылмысы қозғалды. Дәлел ретінде тиісті заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі