ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО департаменті жанынан «мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі вдомствоаралық жұмыс тобы» құрылып, алғашқы отырысын өткізді. Департамент жанындағы консультативтік — кеңесіші орган болып саналатын жұмыс тобына мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен депутаттар мүше болып отыр. Аталмыш жаңа кеңестің мақсаты – халыққа қоғамның түрлі салаларында көрсетілетін қызметтердің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етіп, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету болып табылады. Сондай-ақ мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтың өзара іс-қимылын белсендіру арқылы мемлекеттік қызметтер сапасын жетілдіруге бағытталған. Ал жұмыс тобының отырыстары әр тоқсан сайын ұйымдастырылса, онда мемлекеттік қызмет мәселелері қаралып, кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар дайындалатын болады.
Абай Омар