Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болған жемқорлықты жою басты мақсат. Осы орайда ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті бірлесе отырып, алдын-алу шараларын жүргізбек. Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жіберілетін басты кедергілермен, өрт қауіпсіздігі саласындағы түйіткілді мәселелер қозғалған жиында, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры жемқорлықты анықтауда кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Нұрболат Жұмабек