Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қараспандық Б.Оспан, Б.Есалы, Шұбар ауылынан Т.Атбағарова, бөржарлық У.Алпысбайұлы, қажымұқандық Б.Юсупов, Р.Оралова, Т.Айтбаев аудан басшысының қабылдауында болып, мазалаған мәселелерін ортаға салды. Бірі баспанасының отқа оранғанын айтып, көмек сұраса, енді бірі үйіргелік жерге қолы жетпей жүргенін алға тартты. Ықыластемір ауылының қариялары ауылға көңіл аударуды өтінді.
Алмасбек Кеңесбекұлы тұрғындардың өтініш-тілектерінің Заң аясында қарастырылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, тиісті салаларға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырма берді. Оның орындалуы жөнінде аудан басшысына баяндау қажеттігі де ескертілді.