Бүгін таңғы сағат 06.59-да Шымкент қаласы, «Солтүстік (Север)» мөлтекауданында №62 үйдің бір пәтерінде алдын ала болжам бойынша табиғи газдың шығу салдарынан өртсіз тарсыл орын алған, деп хабарлады ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Нәтижесінде бірінші пәтердің терезе-есіктері сынып, тарсылдың салдарынан екінші пәтердің де терезесі сынған, кіре беріс есігі майысқан. Оқиға орнынан 1980 ж.т. азамат 32 пайыз күйігімен ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына ОҚО ТЖ департаментінің 5 адам жеке құрамы және 1 техникасы жұмылдырылды.
Келтірілген материалдық шығынның көлемін және себептерін жұмыс комиссиясы анықтауда.