Қазақстанда 9-11 ақпан аралығында қалың қар жауып, ауа температурасы күрт суытады деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде терең циклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым ықпалынан республиканың көптеген облыстарында қар жауып, кей жерлерінде қалың қар жауып, оңтүстік облыстарда тұман түсіп, көктайғақтанады, көріну қашықтығы нашарлап бұрқасындатып, күшті жел тұрып, ауа температурасы күрт суытады», — делінген сәрсенбі күнгі метеоқызмет болжамында.
Синоптиктердің мәліметтерінше, ауа температурасы климаттық нормадан 5-10ºС төмен болады.
ҚазТАГ.