Қазақстанда театрлар мен мұражайларға баруды оқушылар үшін каникул кездерінде тегін ету жоспарлануда, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Орта мектеп оқушылары үшін мектептегі демалыс кездері театрлар мен мұражайларға баруды тегін ету қарастырылуда», — деді сейсенбі күнгі үкімет отырысында А. Мұхамедиұлы.
Бұл ретте ол, барлық қазақстандықтар үшін әр үшінші жексенбіде мұражайларға баруды және жылына 4 рет театрларға баруды тегін ету қарастырылып жатқанын атап өтті.
«Ол 27 наурызда – Дүниежүзілік театр күні, Балаларды қорғау күні, Білім күні, сондай-ақ ҚР тәуелсіздігі күні», — деді министр.
Оның айтуынша, аталған шаралар нәтижесінде жыл соңына дейін осы мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45%-ға дейін өспекші.
Фото: baq.kz