Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, Абай ауданына қарасты Құрманбеков көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің иелерімен кездесіп, газ құрылғыларынан сақ болуға шақырады. Жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында табиғи газға қосылмай, балон қолданып отырған отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, міндетті шараларды қабылдауды ескертті. Сала мамандары келеңсіз оқиғалардың алдын алуға бағыттайтын ескерту парақшаларын таратты.