2017 жылғы 8 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған алқа мәжілісі өтеді.
Мәжілісте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың 2016 жылғы бойынша қызметі қорытындыланады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру салаларындағы негізгі қызметтің бағыттары қаралады.
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес «kyzmet.gov.kz», «bnews.kz», «baq.kz» интернет-ресурстарында тікелей желіде көрсетілім ұйымдастырылып, алқа мәжілісінің халыққа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Абай көшесі 33 «а», дөңгелек зал.
Алқа мәжілісіне қатусыға өтінімдерді тіркеу s.toksanova@kyzmet.gov.kz электрондық мекен-жайы немесе 8 (7172) 75-34-59 телефоны арқылы қабылданады.