Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдарының басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халықпен есептік кездесулер өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру міндеттелген. Осыған орай, қала әкімі М.Қадырбек 2016 жылдың қорытындысы бойынша көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстарының барысы, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға байланысты атқарылған жұмыстар туралы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша және алдағы атқарылар міндеттер туралы қала тұрғындарының алдында есеп берді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі