2017 жылдың 1 ақпан күні Сарыағаш аудандық ІІБ-не қаладағы букмекерлік кеңселердің біріне шабуыл жасалғаны туралы ақпар келіп түседі. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары, кеңсенің 23 жастағы қызметкерінің сөзіне байланысты, төмендегі жайттерді анықтайды. Яғни, сол түні букмекерлік орталыққа бетіне бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасап, қызды пышақпен қорқытып, кассадағы 1,5 млн. теңгеге жуық ақшаны қолды еткен. Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша іс қозғалады.
Алайда, полицейлердің жүргізген шұғыл іс-шараларының нәтижесінде, кеңсе қызметкерінің жалған ақпарат бергені мәлім болады. Яғни, жас қыз ірі соммадағы ақшаны өзі иемдену үшін алдын-ала жоспар құрған. Ұсталған қыздың үйін тінту барысында, айғақ зат ретінде ұрланған қаржы табылды.
Бүгінгі таңда, аталған қылмыстық істің құрамы ҚР ҚК-ның 3-бабына сәйкес өзгертіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.