Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы мен Үндеуінде айтылған міндеттерді насихаттауға келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Қуаныш Айтаханов және Әли Бектаевпен кездесті.
Басқосуда тараптар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы мен саяси реформаларының аймақта жүзеге асыру жоспарын сөз етті. Өзара әңгімеде, әкім таяуда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында өткен жиында Елбасының Жолдауда айтылған міндеттерді орындау аясында бірқатар нақты тапсырмалар жүктегенін айтты. Мұнан бөлек, Ж.Қансейітұлы сол жиында облысымыз үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынып, өңірлерде тұралап қалған жобаларды түзеу мақсатында даму институттарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу тапсырмасы алынып, оны жүзеге асыру міндеті тұрғанын жеткізді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі