2017 жылғы 04 ақпанда сағат 04.12-де Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Амангелді елді мекенімен шектесетін тау бөктерінде 2 ормашы адасып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Олар «Ақсу Жабағлы» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері еді, 31 қаңтарда сағат 10.00-де «Ақсу Жабағлы» қорығының ормандарын тексеруге атқа мініп шыққан. 2017 жылғы 03 ақпанда ауа-райының өзгеруіне байланысты, кеште басталған бұрқасын қар боранға айналып, орманшылар тауда адасып кеткен.
Оқиға орнына кідірмей Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының 7 адам жеке құрамы және арнайы қарда жүретін «Трекол» көлігі жіберілді. Сонымен бірге қорықтың 16 қызметкері және 4 техникасы, сондай-ақ 6 ерікті атпен құтқару жұмыстарына қатысты.
Іздестіру жұмыстары 4 ақпанда сағат 08.14-те Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Амангелді елді мекенімен шектесетін тау бөктерінде басталды. Жүргізілген құтқару жұмыстардың нәтижесінде құтқарушылар сағат 11.40-та жоғалған орманшыларды «Трекол» автокөлігімен аман-есен жеткізді. Орманшылар өздерін жақсы сезінген, аудандық ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы