«СК-Фармация» жетекшісі отставкаға кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысының барысында мәлімдеді.
«Елжан Амантайұлы, Мемлекет басшысы алдыңызға міндеттер қойды. Бірінші кезекте ұзақмерзім негізінде отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді сатып алуды өсіру бойынша нақты шешім қабылдау. Сатып алу процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету. Айтпақшы, кадр мәселелері бойынша Президенттің тапсырмасын орындадыңыздар ма?», — деп сұрақ қойды Қазақстан премьер-министрі Бағытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министріне.
«Жалпы алғанда, шешім қабылданып қойды, процедуралық келісімдер қалды», — деп жауап берді Елжан Біртанов.
«Нақты қандай шешім қабылданды?», — деп сұрақ қойды премьер.
«СК-Фармация» бірінші жетекшісінен өтініш қабылданды, «СК-Фармация» жетекшісі қызметінен шеттетілді», — деп жауап қатты министр.
Айта кетейік, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Нұржан Әлібаев тағайындалған еді.
Еске салайық, 3 ақпанда Президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысы барысында 2016 жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылға үкіметтің жұмыс жоспары анықталған, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген.
Нақтырақ айтқанда, Президент денсаулық сақтау министріне медицинадағы тәртіпсіздіктерді жоюды, «СК-Фармация компаниясының қызметкерлерін қуып шығу және жаңа құрам алуды тапсырған болатын. Орындарынан қозлғата алмайтын адамдар отыр», — деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Материал Kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды.