Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол». Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы «Алматы- Ташкент» күре жолының учаскесінде (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Оңтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы «Термез- Алматы- Ташкент» күре жолының учаскесі (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін жабық. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы «Қандыағаш-Эмбі-Шалқар-Ырғыз» (92-257 км, Эмбі қ. -Шалкар қ.) тас жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат