Әлемдік дағдарыс жағдайында банктер бірігулері керек, деп есептейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«(Қазақстанда – ҚазТАГ) банктер әлсіз. Бар болғаны 4 банк қана банктердің активтерінің 80% ұстап отыр. Қалғандарында 26%, кейбіреулерінде 1% да жоқ. (…) Әлемде дағдарыс болып жатқанда Exxon мен Mobil және Shell мен British gas секілді алыптар бірігіп жатыр… Біріге берсін, немесе банктерді сақтағысы келсек, акционерлер өздерінің жеке қаражатын қойсын.
Банкті сақтаудың басқа әдісі жоқ. Олар экономикаға керек емес – демек олар өмір сүруіне құқығы жоқ», — деді Н. Назарбаев жұма күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ ол ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа «ешкімнен қорыпау керек» деген кеңес берді.
«Ұлттық банк сауатты жұмыс атқарды деп есептеймін. Былтыр ауыр жыл болды. Қазір мен міндет қойдым, банктерді реттеу және алдын ала қадағалауда банктердің мүмкіндіктерін заң жолымен күшейту жөнінде. Ондай құқық беру керек. Ұлттық банк жұмысына араласуды елдің қаржылық жүйесіне араласу деп есептеп және жазалау керек. Мен көріп отырмын – Ұлттық банк тәртіпке келтіруді күшейткен сайын Ұлттық банктің мен 100 пайыз қолдап отырған төрағасына да шабуыл күшейіп келеді. Оны акционерлер мен демеушілер жасап отыр, ал олардың кейбірлеулері осы залда отыр. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен», — деп президент қадап айтты.
«Батыл әрекет ет, (…) заң бойынша адал бол. Ал кім араласатын болса, маған олардың кім екенін айт», — деді президент.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ